Жария оферта шарты

«ZHENIS ORDA» жүйелі өсу ордасы ЖК «Болотакунова Н.Ч.» тарапынан директор Болотакунова Наргиза Чыныбаевна – осы шарт бойынша бірінші тарап Сатушы.

Ал екінші тарап Сатып алушы, ол – осы шарттың талаптарын қабылдаған кез келген тұлға. Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар осы жария оферта шартын (бұдан әрі — шарт) жасасты.

Бұл жария оферта шарты Сатып алушылардың Сатушыдан тауарды (бұдан әрі «тауар») сатып алған кезінде жүзеге асады. Шарт сипаттамасы Сатушының Веб-сайтының тиісті бөлімінде орналасқан. Веб-сайттың көмегімен тауар сатуды жүзеге асыратын Сатушы мен сол Веб-сайт арқылы тауарға төлем жасаған Сатып алушы осы шарттың төмендегі талаптарын қабылдайды.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Сатушы мен Сатып алушы арасындағы шарттық қатынастар жария оферта шарты түрінде рәсімделеді. Веб-сайтта тауарды сатып алуға арналған тиісті нысанды толтыру арқылы сатып алушы мәртебесіне (жеке тұлға, заңды тұлға, жеке тұлға-кәсіпкер) қарамастан, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сатып алушының төменде көрсетілген жария оферта шартының талаптарын орындауға келісімін береді.

1.2. Жария оферта шарты жария болып табылады, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 23-тарауына сәйкес оның талаптары мәртебесіне (жеке тұлға, заңды тұлға, физикалық тұлға-кәсіпкер) қарамастан, барлық сатып алушылар үшін бірдей. Осы шартпен толық келіскен жағдайда, Сатып алушы тауарды сатып алу және оған төлем жасау жөніндегі талаптарды қабылдайды.

1.3. Осы шарт Сатып алушы Сатушыдан тауарды сатып алуға келісім беретіндігін білдіретін, алдын-ала төлем немесе толық төлем жасаған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін осы Шарт бойынша әрекет етеді.

1.4. Шарт бойынша шарттық құқықтық қатынастарды реттеу үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын таңдайды және қажет болған жағдайда қолданады.

2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

«Жария оферта шарты» — үлгісі Веб-сайтта орналастырылған және қолданылуы Сатушы үшін міндетті болып табылатын, Веб-сайттағы тауарды сатып алған кез келген Сатып алушыға қатысты ұсынысы бар жария шарт.

«Акцепт» — Сатып алушыдан сипаттамасы Веб-сайтта орналасқан тауарды сатып алу туралы Сатушының ұсынысын тиісті нысанды толтыру және төлем жасау арқылы қабылдауы.

«Сатып алушы» — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Веб-сайтқа келген және қандай да бір тауарды сатып алуға ниеті бар кез келген іс-әрекетке қабілетті жеке, заңды тұлға, жеке тұлға-кәсіпкер.

«Сатушы» — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауар иесі немесе тауар таратушысы және Веб-сайттың көмегімен оны сатуға ниеті бар кез келген іс-әрекетке қабілетті жеке, заңды тұлға, жеке тұлға-кәсіпкер.

«Тауар» — курстар, курстар пакеті, кітаптар немесе Веб-сайт арқылы сатылатын кез келген тауар.

3. ШАРТТЫҢ МӘНІ

3.1. Сатушы осы шартта айқындалған талаптарды тәртіппен орындауға және Сатып алушыға Веб-сайтта рәсімдеген тауарды сатуға міндеттенеді, ал Сатып алушы осы шартта айқындалған талаптарды тәртіппен орындауға және тауарды сатып алуға және ол үшін ақша төлеуге міндеттенеді.

3.2. Сатушы мен Сатып алушы қолданыстағы шарт жалған немесе өтірік мәміле немесе қысым көрсетіп, алдау әсерінен жасалған мәміле емес екенін растайды.

3.3. Сатушы осы Шартты орындау процесінде туындайтын және қолданыстағы құқықтық қатынастар саласын реттейтін шаруашылық қызметті жүзеге асыруға барлық қажетті рұқсаттардың бар екенін растайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарды қандай да бір шектеулерсіз өндіруге және/немесе жасауға құқылы екендігіне кепілдік береді. Және осы Шартты орындау процесінде сатып алушының құқықтары бұзылған жағдайда жауапты болуға міндеттенеді.

4. САТУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Сатушы міндетті:

• Осы шарттың талаптарын орындауға;

• Сатып алушыға тауарды таңдалған үлгіге сәйкес Веб-сайтта және осы Шарттың талаптарына сәйкес беруге;

• Тауарды Веб-сайтқа орналастыру кезінде Тауардың сапалық және сандық сипаттамаларын тексеруге.

4.2. Сатушының құқығы бар:

• Сатып алушы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда осы Шарттың орындалуын біржақты тәртіппен тоқтата тұруына құқығы бар.

4.3. Сатушы:

ЖК «Болотакунова Наргиза Чыныбаевна»

БСН 830520499025

Банк «Kaspi Bank» АҚ

ЖСК KZ57722S000008362932 KZT

БСК CASPKZKA

КБе 19

мекенжайы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142 ғимарат, 306 кеңсе

Тел.: +77056052141

5. САТЫП АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Сатып алушы міндетті:

• осы Шарттың талаптары бойынша тауарды төлеуге;

• жария оферта шартымен, тауарды сатып алу алдында Веб-сайтта орналасқан тауар туралы ақпаратпен танысуға.

5.2. Сатып алушы құқылы:

• сатушыдан осы Шарттың талаптарын орындауды талап етуге құқылы.

6. РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

6.1. Сатып алушы тауарды таңдау және төлем жасау арқылы тиісті нысанды толтыру жолымен тауарды сатып алуды сату менеджерінің көмегімен рәсімдейді.

6.2. Тауарды сатып алғаннан кейін e-mail поштаның көмегімен Сатып алушының Жеке кабинетінде сабақтар ашылады.

7. ШАРТТЫҢ БАҒАСЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

7.1. Әрбір жеке Тауардың бағасын Сатушы анықтайды және ол Веб-сайтта көрсетіледі.

7.2. Сатып алушы келесі түрдегі Тауарды сатып алу кезінде келесідей төлем жолдарын пайдалана алады:

Kaspi Gold картасына аударым жасау;

Kaspi QR.

Ескерту. Сатып алушы Kaspi QR арқылы төлеген кезде банк қосымша комиссия алуы мүмкін.

8. ТӨЛЕМДІ ҚАЙТАРУ ШАРТТАРЫ

8.1. Сатып алушының кінәсінен тап орындау мүмкін болмаған жағдайда, төлем ақысы қайтарылмайды.

8.2. Сатып алушыға сабақтарға, оқу материалдарына қолжетімділік (доступ) берілген сәттен бастап, оқу ақысы қайтарылмайды. Бұл жағдайда Сатуш тарапынан қызметтер толық көрсетілген, тауар Сатып алушы тарапына толық берілді деп саналады.

9. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

9.1. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.

9.2. Сатып алушыдан берешекті өндіріп алу туралы дауларды қоспағанда, осы шартты тараптардың орындауына байланысты даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды шағым тәртібін сақтай отырып, келіссөздер жолымен шешуге міндеттенеді. Шағымды қарау мерзімі – оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні. Сатып алушыдан берешекті өндіріп алуға байланысты даулар бойынша талап ету тәртібін сақтау талап етілмейді.

9.3. Осы Шартқа және оны орындауға, бұзуға, тоқтатуға немесе жарамсыздығына қатысты барлық даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар Қазақстан Республикасының материалдық және іс жүргізу құқығына сәйкес тиісті сотта шешілуге жатады.

10. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

10.1. Егер Тараптар осы Шартты жасасқаннан кейін, форс-мажорлық мән-жайлардан немесе Тараптардың бақылауынан тыс іс-шаралардың әсерінен жауапкершіліктерін орындай алмаса және оның сондай мән-жайлардан туындағанын дәлелдесе, Тараптар ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, өз міндеттемелерінің кез келгенін орындамағаны үшін жауапты болмайды.

Форс-мажорлық жағдайларға атап айтқанда, серверді бұғаттау, табиғи катаклизмдер, ереуілдер, өрт, су тасқыны, жарылыстар, мұз қату, соғыстар (жарияланған және жарияланбаған), бүліктер, апаттар, мемлекеттік органдар салатын шектеулер (бөлуді, ресми талаптарды, квоталарды және бағалық бақылауды қоса алғанда), төтенше жағдай, карантин жатады. Аталған мән-жайлар осы Шартты орындауға тікелей әсер етуі мүмкін.

10.2. Форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындай алмаған Тарап жоғарыда көрсетілген жағдайлардың пайда болуы туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде екінші тарапқа дереу хабарлауға тиіс.

10.3. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін тараптарға талап етілетін уақыт аталған жағдайларға байланысты кез келген мерзімге ұзартылады.

10.4. Егер форс-мажорлық күш мән-жайларының әсерінен осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау үш айдан астам уақытқа созылса, Тараптардың әрқайсысы бұл туралы екінші Тарапты жазбаша хабардар ете отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Форс-мажордың туындауына қарамастан, форс-мажорлық жағдайлар салдарынан осы Шартты тоқтату алдында Тараптар түпкілікті өзара есеп айырысуды жүзеге асырады.

11. ШАРТТЫҢ БАСҚА ТАЛАПТАРЫ

11.1. Сатып алушы ұсынатын ақпарат құпия болып табылады. Сатып алушы туралы ақпарат тек сатып алу (сатушыға тауарды сатып алу туралы хабарлама жіберу, жарнамалық хабарлама жіберу және т.б.) мақсатында ғана пайдаланылады.

11.2. Сатып алушы өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге ерікті түрде келісім береді Белгілі болған деректер коммерциялық мақсаттарда, оның ішінде телекоммуникациялық байланыс құралдарымен (электрондық пошта, ұялы байланыс) жарнамалық және арнайы ұсыныстарды, акциялар туралы ақпаратты немесе Веб-сайттағы қызмет туралы кез келген басқа ақпаратты тарату мақсатында пайдаланылады. Осы тармақта көзделген мақсаттар үшін Сатушы Сатып алушыға e-mail-ға хаттар, хабарламалар мен материалдар жіберуге құқылы, Сондай-ақ sms-хабарламалар жіберіліп, тиісті нысанда көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалу жүзеге асырылуы мүмкін.

11.3. Сатып алушы оның дербес деректерін өңдеуді жүзеге асыруға келісім және құқық береді. Оның ішінде, (бұл туралы қосымша хабарламай), дербес деректерді деректер базасына орналастыруға, деректерді өмір бойы сақтауға, (қажет болса) олардың жинақталуын, жаңартылуын, өзгеруін жүзеге асыруға келісімін береді. Сатушы деректерді үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізуінен қорғауды қамтамасыз етуге, деректерді кез келген үшінші тарапқа таратпауға және бермеуге (аталған мақсаттар үшін деректерді тікелей өңдеуді жүзеге асыруға сатушы уәкілеттік берген тұлғалар мен құзыретті мемлекеттік органның міндетті сұрау салуынан басқа) міндеттенеді.

11.4. Таратылым алуға тілек білдірмеген жағдайда, Сатып алушы жарнамалық материалдарды алудан бас тарту туралы өтініш жазып, оны пошта немесе электронды мекенжайға жіберіп, Сатушыға жүгінуге құқылы.

11.5. Сатушы тиісті нысанды толтыру кезінде Сатып алушы беретін ақпараттың мазмұны мен дұрыстығына жауапты болмайды.

11.6. Тиісті құқықтар иелерінің алдын ала келісімінсіз Сатып алушы Сатушының жеке кабинетінде орналасқан кез келген материал мен контентті жалпы жұрттың назарына кез келген тәсілмен пайдалануына, таратуына, көшіруіне, көпшілік алдында көрсетуіне, эфирге беруіне, аударуына, қайта жасауына немесе кез келген өзге тәсілмен қандай да бір мақсатта қолдануына тыйым салынады. Сондай-ақ, Сатып алушы Сатушыдан алатын жеке кабинеттің құпия сөзі мен логинін бермеуге, сатпауға, үшінші тұлғаларға таратпауға міндеттенеді.

 

Сайтқа өту арқылы сіз біздің келісімшартпен келісесіз!